Бұрынғы мәдениет және спорт вице-министрі ұсталды

Қазіргі уақытта күдікті Алматы қаласындағы тергеу изоляторына қамауға алынған

Бұрынғы мәдениет және спорт вице-министрі ұсталды
Ашық дереккөз

Бұрынғы мәдениет және спорт вице-министрі Ерлан Қожағапанов ұсталды. Ақпаратты антикор растады, деп хабарлады turkystan.kz Ulysmedia.kz-ке сілтеме жасап.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет сотқа дейінгі тергеп-тексеру шеңберінде Қазақстан Республикасының бұрынғы мәдениет және спорт вице-министрі ауыр жемқорлық қылмыс жасады деген күдікпен ұсталғанын растайды, – деп ақпарат таратты антикор.

Қазіргі уақытта күдікті Алматы қаласындағы тергеу изоляторына қамауға алынған.