Ташкенттегі Grand Slam: Абиба Әбужақынова финалға жолдама алды

Абиба Әбужақынова биылғы маусымда өзі қатысқан жарыстардың бәрінен жүлде алып келеді.

Ташкенттегі Grand Slam: Абиба Әбужақынова финалға жолдама алды
olympic.kz. Абиба Әбужақынова

Дзюдодан Өзбекстан астанасы Ташкентте өтіп жатқан Grand Slam турнирінде қазақстандық Абиба Әбужақынова финалға жолдама алды, деп хабарлады turkystan.kz Olympic.kz сайтына сілтеме жасап. 

48 келіде күресетін Абиба жартылай финалда швециялық Тара Бабулфатты жеңді. Осылайша, Бакуде кеткен есесін қайтарды. 

Енді Абиба финалда Ресей атынан сынға түсетін нейтралды спортшы Сабина Гилиязовамен кездеседі. 

Еске сала кетейік, Абиба Әбужақынова биылғы маусымда өзі қатысқан жарыстардың бәрінен жүлде алып келеді. 

Португалиядағы Гран-при және Бакудегі Grand Slam турнирінде ол қола жүлдегер атанған еді. 

Сондай-ақ, Абиба дзюдодан қазақ қыздары арасындағы әлем чемпионатының қола медалін иеленген тұңғыш спортшы.