118
Алматы - Куала-Лумпур тікелей әуе рейсі іске қосылады
Бұл туралы Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Алматы - Куала-Лумпур тікелей рейсі 2024 жылдың наурыз айында ашылады.
Алматы қаласы туризм басқармасының басшысы Ғалия Тоқсейітова атап өткендей, бүгінде мегаполис әлемнің 82 елімен 42 тікелей бағыт пен визасыз режиммен байланысты. Наурыз айында Алматы мен Куала-Лумпур тікелей әуе қатынасын ашу жоспарлануда.
Биыл маусым айында Алматы қаласы халықаралық әуежайының жаңа терминалының құрылысы аяқталады.
Әуежайдың жалпы өткізу қабілеті жылына 14 млн жолаушы. Осылайша, 2024 жылы шетелдік туристер саны 520 мың адамға жетеді деп болжануда.