Көкшетауда бүйрегін сатпақ болған ер адам сотталды

Тұрғыны өз бүйрегін сату мақсатында заңсыз мәміле жасамақ болған.

Көкшетауда бүйрегін сатпақ болған ер адам сотталды
Sputnik / Stringer
895

Ер адам бүйрегін сатпақ болған. Көкшетау қалалық соты Ақтөбе тұрғынына қатысты үкім шығарды. Бұл туралы turkystan.kz Ақмола облыстық сотына сілтеме жасап хабарлады.

Ақтөбе қаласының К. есімді 25 жастағы тұрғыны өз бүйрегін сату мақсатында заңсыз мәміле жасамақ болған (ҚК-нің 24-бабы 3-бөлігі, 116-бабы 1-бөлігі).

«Сот оның әлеуметтік желіде ағзасын келісілген бағаға сату туралы хабарландыру жариялағанын анықтады. Ол полиция қызметкерлеріне өз еркімен көмек көрсеткен және өзін сатып алушы ретінде таныстырған азаматпен келісім жасаған кезде ұсталды», - делінген сот хабарламасында.

Жаза тағайындау кезінде сот жауаптылықты жеңілдететін мән-жай ретінде оның шын жүректен өкінетінін, сондай-ақ ауырлататын мән-жайлардың жоқтығын ескерді.

«Сот К.-ны 1 жыл 6 айға шартты түрде бас бостандығынан айыру жазасына кесті, сотталушы пробациялық бақылауға алынды», - деп атап өтті сот.

Сот актісі әлі заңды күшіне енген жоқ.

 

Серіктес жаңалықтары