Терроризмді насихаттады деген күдікпен Шымкент тұрғыны ұсталды

Тергеу нұсқасы бойынша ол ертеректе ұзақ уақыт бойы алыс шет елдердің бірінде тұрып, радикалды идеологияны қабылдаған.

Терроризмді насихаттады деген күдікпен Шымкент тұрғыны ұсталды
ҚР ҰҚК
905

28 ақпанда Ұлттық қауіпсіздік комитеті покуратура органдарының үйлестіруімен және полицияның көмегімен Шымкент қаласының тұрғынын ұстады.

ҚР ҰҚК баспасөз қызметінің хабарлауынша, аталған адамға әлеуметтік желі арқылы терроризмді насихаттады деген күдік келтіріліп отыр.

Тергеу нұсқасы бойынша ол ертеректе ұзақ уақыт бойы алыс шет елдердің бірінде тұрып, радикалды идеологияны қабылдаған.

Қылмыстық кодекстің 256-бабы 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.

«Өзге ақпарат Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабы 1-бөлігіне сәйкес жария етілмейді»,-делінген ҰҚК баспасөз қызметінің хабарламасында.

Серіктес жаңалықтары