Алматы метросы әуежайға дейін созылады

Жоба әлі де пысықталып жатыр.

Алматы метросы әуежайға дейін созылады
ortcom.kz
870

Алматы әкімдігі қала әуежайына дейін метро желісінің іске қосылатынын мәлімдеді, деп хабарлады turkystan.kz inbusiness.kz сайтына сілтеме жасап.

«Қазіргі уақытта «Жібек жолы» метро стансасы Алматы халықаралық әуежайына дейін шығыс бағытта метро желісін трассалау барысы жүйеленіп жатыр», – делінген хабарламада.

Бұған дейін халықаралық әуежай президенті Альп Эр Тунга Ерсой қала билігінің Алматы әуежайына жедел пойызды іске қосу жоспары туралы айтқан еді.

«Қала тұрғындарының Алматы әуежайына жетуі үшін жүрдек пойызбен байланыс орнатуды жоспарлап отырмыз. Сондықтан пойыз Алматы әуежайына жақын жүре алатындай жақсы орынды табуымыз керек», – деді Альп Эр Тунга Ерсой.

Алайда әуежай басшысы бұл жүрдек пойыз қашан іске қосылады деген сұраққа жауап бере алмады.

«Алматы әкімдігінің терминал ғимаратына пойызды іске қосу бойынша жұмыс істеп жатқанын ғана білеміз. Бұл мүмкіндіктің жүзеге асқанын қалап отырмыз. Себебі жолаушылар үшін әуежайға тезірек жету өте маңызды. Бас жоспарда Алматы әкімдігімен қаланың бас жоспарына сәйкес геолокация туралы шешім қабылдағымыз келеді. Бұл жоба бойынша нақтырақ шешім қабылдап, инвестиция бөлеміз. Біздің басты назарымыз – терминал ғимаратының өзі болып тұр. Дегенмен пойыз бойынша шешімнің ертерек қабылданғанын күтеміз», – деп толықтырды Алматы әуежайының президенті.

 

Серіктес жаңалықтары