Ауыр хәлде болған Құрманай Бақтиярқызы қазіргі жағдайын айтты

Өнер иесі әлеуметтік желі арқылы оқырмандарына жағдайын бөлісті.

Ауыр хәлде болған Құрманай Бақтиярқызы қазіргі жағдайын айтты
Құрманай Бақтиярқызы. Фото: instagram/kurmanai_bakhtiarkyzy

Бір ай бұрын Құрманай Бақтиярқызының денсаулығы сыр беріп, ауыр хәлде екені белгілі болған еді. Өнер иесі әлеуметтік желі арқылы оқырмандарына жағдайын бөлісті. 

Қазақ елінің барына, менімен ауырған жанына, маған дұға арнап атқызған таңына шексіз алғыс айтамын. Бүгін парақшамды өз қолыма алдым. Палатаға шыққалы біраз болса да, қолыма күшім енді оралды. Әлсіздік болғанымен көңілім орнында. Бәріңізді жақсы көрем, - деп жазды Құрманай Бақтиярқызы Instagram желісіндегі парақшасында. 

Еске салсақ, бұған дейін ақынның ауыр хәлде екені белігілі болғанын хабарлаған едік.