Қытайдан келген қандасымыз қарсыласын бірінші раундта жеңді

Тайлақ Нұражы кәсіпқой мансабындағы тоғызыншы жеңісіне қол жеткізді

Қытайдан келген қандасымыз қарсыласын бірінші раундта жеңді
Видеодан алынған кадр
1461

Кеше «Алматы Арена» спорт кешенінде аралас жекпе-жектен NAIZA 57 турнирінде қытайдан келген қандасымыз қарсыласын 1 раундта жеңді, деп хабарлады turkystan.kz kazinform-ға сілтеме жасап.

Атап айтсақ, аталған турнирге Қытайдан келген қандасымыз Тайлақ Нұражы (8-1) мен Қазақстан атынан сынға түсіп жүрген бразилиялық файтер Дуглас де Оливейра (14-7) өзара кім мықтыны анықтаған болатын.

Нәтижесінде үш раундқа жоспарланған жартылай орта салмақтағы жекпе-жек бірінші раундта техникалық нокаутпен, Қытайдан келген қандасымыз Нұражының жеңісімен аяқталды.

Осылайша Тайлақ Нұражы кәсіпқой мансабындағы тоғызыншы жеңісіне қол жеткізсе, бұл Дуглас де Оливейра үшін кәсіпқой ММА-дағы сегізінші жеңілісі болды.

Серіктес жаңалықтары