«Астана» баскетбол клубына грекиялық бапкер келді
Олег Киселёв «Астана» баскетбол клубынан кетті.
Грекиялық маман Фотиос Такианос «Астана» баскетбол клубының жаңа бас бапкері атанды, деп хабарлады turkystan.kz.
BasSport.kz сайтының дерегінше, ол 1969 жылы 14 сәуір күні Салоникада дүниеге келген. Ойыншы ретінде Грециялық клубтар сапында өнер көрсетті. 1994 жылы Паокпен бірге Корача кубогының иегері атанды. Такианос бапкерлік мансабын 2004 жылы бапкердің көмекшісі ретінде бастады. Ең алғаш рет 2007 жылы Грекияның «Панорамасын» тізгіндеді.
Одан кейін Грецияда, Катарда, Кипрде және Косовода әртүрлі клубтардың тізгінін ұстады.
2021/22 жылғы маусымда «Лариса» командасында жұмыс істей отырып, Греция чемпионатының жартылай финалына дейін жетті және плей-офф кезеңінде Еуролига қатысушысы «Панатинаикосты» екі рет жеңіп, лигада жыл жаттықтырушысы атанды.
Маман соңғы рет 2023 жылдың ақпан айынан бастап ПАОК клубын жаттықтырды.
Айта кетсек, ресейлік маман Олег Киселёв «Астана» баскетбол клубынан кетті.
Ол команданы 2022 жылдың маусым айынан бері жаттықтырды. Қазіргі кезде «Астана» ВТБ Бірыңғай лигасында Б тобында 37 ұпаймен алтыншы орында келеді.