ТЖМ қатты аязға байланысты үндеу жасады

Дауылды ескертулер жарияланған кезде, әсіресе қараңғы уақытта алыс жерлерге сапарға шығудан бас тартып, жаяу жүруден аулақ болу керек

ТЖМ қатты аязға байланысты үндеу жасады
ҚР ТЖМ

ТЖМ елдегі қолайсыз ауа райына байланысты қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауды кеңес етті, деп хабарлады turkystan.kz.

Ауа райы жағдайы мен автожолдардағы көлік қозғалысының шектеулері туралы ақпаратты бақылаңыздар. Қатты жел кезінде жақын маңдағы ғимаратта немесе қауіпсіз жерде жасырыну қажет. Ағаштардан, ілулі тұрған конструкциялардан, электр желілерінен және билбордтардан аулақ болыңыздар. Балаларды қараусыз қалдырмаңыздар, - делінген хабарламада.

Қатты аяз техногендік өрттердің көбеюіне ықпал етуі мүмкін. Осыған байланысты біз жоғары қуатты электр құрылғыларын бір уақытта қосу арқылы пештерді қыздырмауға немесе электр желілерін шамадан тыс жүктемеуге кеңес береміз.