Президент Қатар бизнесмендерін Астана халықаралық форумына шақырды

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Президент Қатар бизнесмендерін Астана халықаралық форумына шақырды
Ақорда
782

Қазақстан Президенті қазақ-қатар инвестициялық дөңгелек үстелінде медицина, фармацевтика және биотехнология салаларындағы байланыстарды екі ел ықпалдастығының тағы бір маңызды бағыты ретінде атап өтті. 

Қасым-Жомарт Тоқаев Астана халықаралық қаржы орталығы Қатардың Орталық банкімен, Қатар қаржы орталығымен және Қатар қор биржасымен берік іскерлік байланыс орнатқанын еске салды. Оның пікірінше, АХҚО-да Қазақстан-Қатар тікелей инвестициялар қоры құрылса, ол бірлескен кәсіпорындарды қаржыландыратын алаң болар еді. 

Мемлекет басшысы сөзін қорытындылай келе, Қатар бизнесмендерін биыл маусым айында өтетін Астана халықаралық форумына қатысуға шақырды. 

Дөңгелек үстел барысында Қатардың Сауда және индустрия министрі шейх Мұхаммед бен Хамад бен Қасым Әл Тәни, Қатар бизнесмендері қауымдастығының төрағасы шейх Фейсал бен Қасым Әл Тәни, Қатардың Сауда-өнеркәсіп палатасының төрағасы шейх Халифа бен Джасим бен Мұхаммед Әл Тәни, Nebras Power компаниясының бас директоры Халид Мұхаммед Джоло, Hassad Food компаниясының бас атқарушы директоры Әли Хилял Әл Кувари, Qatar Free Zone ұйымының бас директоры шейх Мұхаммед бен Хамад Әл Тәни және басқалар сөз сөйледі.

Дөңгелек үстел қорытындысы бойынша Қазақстан мен Қатар іскер топтарының арасында бірқатар құжатқа қол қойылды.

Серіктес жаңалықтары