928
Астанада қызға шабуыл жасаған ер адам ұсталды
Белгісіз адам Астанада қызға шабуыл жасаған.
Семей қаласы маңында Астана тұрғынына шабуылдаған күдікті ұсталды, деп хабарлады turkystan.kz.
Оқиға 12 ақпан күні Астанада болды. Белгісіз адам қызға шабуыл жасаған. Осы оқиғадан кейін күдікті бірден ізін суытқан. Шабуылдаушыға іздеу салынды.
Келіп түскен бағдар бойынша Абай облысының ПД қызметкерлері жұмылдырылды.
«Күзет патрульдері сағат 06:00 шамасында Семей қаласына кірер жолдағы «Ертіс» бақылау пунктінде Тоүота автокөлігінің салонында жолаушы ретінде отырған күдіктіні байқады», – делінген ІІМ-нің хабарламасында.
Қазіргі уақытта күдікті ұсталып, жақын арада елордалық полицейлерге беріледі.