Ақын Жүрсін Ерманның қазіргі жағдайы белгілі болды
Қазіргі кезде ол арбаны тастап, аяққа тұрғанын жеткізді.
Белгілі айтыс ұйымдастырушысы Жүрсін Ерман біраз күн бұрын 73 жасқа толды. Бірнеше жылдан бері ауырып жатқан ақын «Таңшолпан» бағдарламасында, қазіргі денсаулығы жайлы мәлім етті.
Қазіргі кезде ол арбаны тастап, аяққа тұрғанын жеткізді.
«Шетелге де, Астана мен Алматыға да барып емделдім. Алматыда «Жалын» деген зауыт бар екен. Тек Бақанастың күрішінің қауызынан капсула жасап шығарады екен. Тоғыз жыл зерттеп, дауа тапқан екен. Соның басшысына бір шал аян беріп, «Дәріңді Жүрсін Ерманға апарып бер. Соған ем болады» деп айтты деді де, әкеліп берді. Соны ішкелі қан қысымым түсіп, қан құрамынан қант азайып, аяғымды бастым. Таяғыма сүйеніп, ептеп жүремін. Қанша халық маған тілектес болып, саулығымды тіледі. Соның да бір әсері тиген шығар деп ойлаймын», - деді айтыс ұйымдастырушысы Жүрсін Ерман.