Еліміздің көп бөлігінде дауылды ескерту жарияланды

Қазір аталған бағыттарда 191 техника мен 268 адам жұмыс істеп жатыр

Еліміздің көп бөлігінде дауылды ескерту жарияланды
Azattyq Ruhy

Синоптиктер 10 облыста тұман түсіп, көктайғақ болады деп болжап отыр, деп хабарлады turkystan.kz.

Жамбыл мен Шығыс Қазақстан облыстарының таулы аймақтарында қар аралас жауын жауады. Барлық өңірде қатты жел соғып, оның екпіні секундына 25 метрге дейін жетеді деп күтіледі.

Сондай-ақ 9 өңірдің тасжолында енгізілген шектеу әлі алынбағандығын да айта кету керек. Яғни, Ақтөбе, Жамбыл, Атырау, Алматы, Қызылорда, Ұлытау және Шығыс Қазақстан облыстарындағы жолдарда автокөліктердің қозғалысы қиындап тұр.

ҚазАвтоЖол компаниясының мәліметінше, қазір аталған бағыттарда 191 техника мен 268 адам жұмыс істеп жатыр.