24 жастағы қыз қараусыз қалған үйдің жоғары қабатынан секіріп кеткен

Қайғылы жағдай 5 ақпанда Бурабай кентінде болған.

24 жастағы қыз қараусыз қалған үйдің жоғары қабатынан секіріп кеткен
ашық дереккөз
1183

Ақмола облысында 24 жастағы қыз қараусыз қалған үйдің тоғызыншы қабатынан секіріп, суицид жасады.

Ақмола облысы Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, қайғылы жағдай 5 ақпанда Бурабай кентінде болған.

«Биылғы жылдың 5 ақпанында Бурабай ауданында болған қыздың өз-өзіне қол салу дерегіне байланысты Қылмыстық кодекстің 105-бабы 1-бөлігі (суицидке дейін жеткізу) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Алдын-ала анықталғандай, Бурабай ауылының 24 жастағы тұрғыны қараусыз қалған үйдің 9-шы қабатынан секіріп, суицид жасаған. Оқиға шамамен сағат 19:30 болды», -деп түсіндірді Kazinform тілшісінің сауалына ведомствоның баспасөз қызметінен.

Қазір тергеу аясында суицид жасаған адамның туыстары мен таныстары анықталып, болған оқиғаның мән-жайы тексерілуде.

Серіктес жаңалықтары