Зілтемірші Сайрамкез Ақмолда ауыр атлетикадан Азия чемпионатының күміс жүлдегері атанды

Жарысқа 34 елден 192 атлет қатысып жатыр.

Зілтемірші Сайрамкез Ақмолда ауыр атлетикадан Азия чемпионатының күміс жүлдегері атанды

Қазақстандық зілтемірші Сайрамкез Ақмолда Өзбекстан астанасы Ташкентте ауыр атлетикадан өтіп жатқан Азия чемпионатының күміс жүлдегері атанды, деп хабарлайды turkystan.kz ҚР Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Ерлер арасында 67 келіге дейінгі салмақта өнер Сайрамкез жұлқа көтеруде 126, серпе көтеруде 166 келіні еңсерді. Қос жаттығудың қорытындысы бойынша, 292 келі көрсеткішпен 2-орынды иеленді.

Ерлер. 67 келі:

Ри Вон Джи 317 келі (137+180), Оңтүстік Корея

Сайрамкез Ақмолда 292 келі (126+166), Қазақстан

Терават Ратфет 286 келі (128+158), Таиланд

Бұл Азия чемпионатында Париж Олимпиадасына қатысуға мүмкіндік беретін рейтингтік ұпайлар сарапқа салынады. Жарысқа 34 елден 192 атлет қатысып жатыр.