Павлодарда ЖОО бір кітапты 31,5 млн теңгеге сатып алмақ болған

Волонтерлер оқу әдебиетінің орташа құны 3-тен 8 мың теңгеге дейін екенін анықтады

Павлодарда ЖОО бір кітапты 31,5 млн теңгеге сатып алмақ болған
Ашық дереккөз

Әлкей Марғұлан атындағы Павлодар педагогикалық университеті студенттерге құны 31,5 млн теңге тұратын бір дана әдеби кітап сатып алуды жоспарлаған, деп хабарлады turkystan.kz Ulysmedia.kz сайтына сілтеме жасап.

Бұл туралы облыс бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің волонтерлері мемлекеттік сатып алу порталын мониторингтеу барысында анықтаған.

Волонтерлер оқу әдебиетінің орташа құны 3-тен 8 мың теңгеге дейін екенін анықтады.

Тапсырыс берушінің атына хат жолданғаннан кейін сатып алу қайта қаралады.