Астаналық кәсіпкерлерге 2,3 млн теңге қайтарылды

Кінәлі тұлғалар тәртіптік жауапкершілікке тартылды

Астаналық кәсіпкерлерге 2,3 млн теңге қайтарылды
Zakon.kz

Прокурорлардың тексерісінен кейін елорданың 75 кәсіпкеріне 2,3 млн теңгеден астам қаржы қайтарылды, деп хабарлады turkystan.kz Астана қаласының прокуратурасына сілтеме жасап.

Мемлекеттік сатып алу барысында кәсіпкерлердің құқықтарының сақталуына талдау жүргізілген. Оның нәтижесі бойынша медициналық мекемелер 75 бизнес субъектісіне 2,3 млн теңгеден астам сомаға кепілдіктерді қайтармағаны анықталды.

Мемлекеттік сатып алу туралы заңның нормаларына сәйкес, тапсырыс беруші жеткізушіге кепілдік төлемді өз міндеттемелерін толық және тиісінше орындаған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қайтарады.

Сарыарқа ауданы прокуратурасының прокурорлық қадағалау актісі негізінде кәсіпкерлерге келісімшарт сомасының 3% мөлшерінде кепілдік төлем қайтарылып, кінәлі тұлғалар тәртіптік жауапкершілікке тартылды.