Дина Төлепберген «Астарлы ақиқаттың» жаңа жүргізушісін таныстырды

Бұл туралы ол әлеуметтік желідегі парақшасында мәлім етті.

Дина Төлепберген «Астарлы ақиқаттың» жаңа жүргізушісін таныстырды
Instagram/dina_tolepbergen
2398

«Астарлы ақиқат» бағдарламасының жаңа жүргізушісі болып заңгер Бердімұрат Хасенұлы бекітілді. 

Оның айтуынша, Бердімұрат Хасенұлы танысы да, туысы да емес. Заңгер 6 жыл бойы аталмыш бағдарламада сарапшы болып келген. 

 «Астарлы ақиқаттың» жаңа жүргізушісі - Бердімұрат Хасенұлы. Танысым да, туысым да емес. Мен үшін бастысы - талап пен тер. Есіңізде болсын, адал еңбек ескерусіз қалмайды! Кезінде «поледегі» қарапайым журналистен прайм-таймдағы бас бағдарламаның жүргізуші, продюсеріне дейін көтерілген менің жолым - соған дәлел болса керек.

Ізбасарым 6 жылдан астам бағдарлама сарапшысы болды. Бұған өзіңіз куәсіз. Менің ойымша, телевизияға эволюция мен революция керек. Ол үшін белгілі бір сала мамандарының жүргізуші болғаны жөн. Ал Бердімұрат заңгер. Есесіне, заңды тұрғыдан, адами ақылмен, әке, күйеу көзқарасымен Отанға, отбасыларға оң жағдай жасайды деп білемін. Ал Бердімұрат, артылған үмітті сөндірме, елдің барын баптап, жоғын жоқтайтын жан болғайсың», - деп жазды тележүргізуші.

Серіктес жаңалықтары