Шымкентте 11-сынып оқушысы өзіне қол жұмсады

Оқиға 22 қаңтар күні болған.

Шымкентте 11-сынып оқушысы өзіне қол жұмсады
ашық дереккөз

Шымкентте 11-сынып оқушысы өзіне қол жұмсап, көз жұмды, деп хабарлады turkystan.kz.

Otyrar.kz сайтының мәліметінше, оқиға 22 қаңтар күні сағат 18:30 шамасында болған.

«Марқұм «Оңтүстік» шағынауданында тұрғаны белгілі болды. Мамандар оның өз үйінде асылып, көз жұмғанын мәлім етті», – делінген хабарламада.

Қазір қайғылы жағдайға байланысты құзырлы орган өкілдері тексеру жұмысын жүргізіп жатыр.