1339
20 қаңтарға арналған ауа райы болжамы жарияланды
Бүгін ауа райы қандай болады?
20 қаңтарда Қазақстанның басым аумағында кең антициклонның ықпалы сақталып, жауын-шашынсыз күн райы күтіледі, деп хабарлады turkystan.kz.
Тек елдің батысында, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында атмосфералық фронттардың өтуімен ауа райының құбылмалы сипаты байқалады. Онымен қар, жаяу бұрқасын, көктайғақ, желдің күшеюі болжанады. Республиканың оңтүстік-шығысында қалың қар жауады. Елдің барлық аумағында тұманды болады.
Синоптиктер барлық дерлік өңірде – Атырау, Батыс Қазақстан, Қостанай, Ақтөбе, Маңғыстау, Жамбыл, Алматы, Қызылорда, Абай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Түркістан, Жетісу, Шығыс Қазақстан, Ақмола облыстары мен Астана, Алматы және Шымкент қалаларында ескерту жариялап отыр.