Ресейлік «Ахмат» клубында өнер көрсеткен Марат Быстров «Астана» сапына ауысты

Марат Ресейде «Ахмат» футбол клубының құрамында ойнаған

Ресейлік «Ахмат» клубында өнер көрсеткен Марат Быстров «Астана» сапына ауысты
kazfootball.kz

Қазақстан құрамасының қорғаушысы Марат Быстров «Астана» клубымен келісімшарт жасасты. Бұл туралы клубтың баспасөз қызметі хабарлады.

«Марат Ресейде «Ахмат» футбол клубының құрамында өнер көрсетіп, 80-нен астам ойын өткізді. Қазақстандық қорғаушымен келісімшарт тағы бір маусымға ұзарту мүмкіндігімен 2024 жылдың соңына дейін жасалды», – делінген хабарламада.