«Алақанынан ұрған»: Мұнайлыда мұғалім оқушыларды таяқпен тәртіпке салған

Оқытушы – төрт ай жұмыс өтілі бар жас маман, бастауыш сынып мұғалімі.

«Алақанынан ұрған»: Мұнайлыда мұғалім оқушыларды таяқпен тәртіпке салған
mangystaumedia.kz
1088

Оқиға осыдан екі күн бұрын Мұнайлы ауданындағы жекеменшік мектептердің бірінде болған, деп хабарлады turkystan.kz mangystaumedia.kz сайтына сілтеме жасап.

Әлеуметтік желіде тараған видеодан мұғалімнің қолына таяқ ұстап, оқушыларды жазалап жатқанын байқауға болады. Осылайша ол сынып ішін аралап, біртіндеп ұл балалардың алақанынан ұрған. Сондай-ақ тағы бір оқушының бұрышта тұрғанын көруге болады. Облыстық білім басқармасы мұғалімге қатаң сөгіс беріліп, жұмыстан босатылғанын хабарлады.

Оқытушы – төрт ай жұмыс өтілі бар жас маман, бастауыш сынып мұғалімі. Мұғалімге әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама жасалды, сондай-ақ негізгі бұйрыққа сәйкес «қатаң сөгіс» тәртіптік шарасы тағайындалды. 2024 жылдың 17 қаңтарында жұмыстан босатылды, - делінген Маңғыстау облыстық білім басқармасының хабарламасында.

Серіктес жаңалықтары