«Аяққа тұрды»: Жүрсін Ерманның қазіргі жағдайы белгілі болды

Оның шәкірті Қазырет Бердіхан елдің батасы қабыл болғанын жеткізді.

«Аяққа тұрды»: Жүрсін Ерманның қазіргі жағдайы белгілі болды
Instagram/kazyret_berdikhan

Айтыскер ақын Қазырет Бердіхан Instagram-дағы парақшасында Жүрсін Ерманның жағдайы жайлы жағымды жаңалығын бөлісті.

«Бүгін ерекше қуанышты күн болды. Әдеттегідей Жүрсін ағамызды дәрігеріне апаруға үйіне бардым. Сөйтсем, көкеміз есік алдына шығып күтіп тұр. Арбасы жоқ. Қолында таяғы ғана. Қуанып кеттім. Сол арбаның серік болғанына бір жылдан асып еді. Ақыры керегі болмай қалды. Аяққа тұрды, елдің батасы қабыл болды деген осы шығар! Бұйырса осы фототдағыдай ортамызда күліп жүріуді нәсіп етсін!», - деп жазды Қ. Бердіхан.