БҚО-да 90 миллионға екі көпір салынды

БҚО-да 90 миллионға екі көпір салынды

БҚО-да 90 миллионға екі көпір салынды
ашық дереккөзі
Батыс Қазақстанда қос бірдей көпір пайдалануға берілді. Енді Садовое мен Зеленое ауылдарының халқы Шаған өзенінің екі жағалауына еркін қатынайды. Екі көпірдің құрылысына жергілікті бюджеттен 90 млн теңге қаржы жұмсалған деп хабарлайды 24.kz.  Бұған дейін Макаров ауылының мың жарымдай тұрғыны өзен үстімен осылай жаяу-жалпылап жандарын шүберекке түйіп өтетін. Енді олар Шаған өзенінің екі жағалауына еркін қатынамақ.  Сондықтан болар, әлеуметтік маңызы бар нысанның ашылуын ауыл тұрғындары зор қуанышпен қарсы алды. Ені 2, ал ұзындығы 110 метр болатын көпірді мердігер кәсіпорын жоспарлаған уақытында салып шықты. Төлеген Жасыбаев, Садовая ауылының тұрғыны: - Осы жерде махаббатпен кездесетін көпір болсын. Осы көпірде достық болсын. Айтар тілегім, арғы-бергі беттің халқы осы көпірді сақтауы керек, осы жеде терек өсіру ерек.   Рамазан Исмағұлов, Зеленов аудандық мәслихатының депутаты: - Сайлауалды бағдарламада қазіргі депутаттар келіп халықпен кездескен болатын. Сол халықтың мұң-мұқтажы, өтініші осы көпір болды. Енді қазір қуанышымызда шек жоқ.