«Балалардың жүрегіне дақ салмау үшін екіге бөліндік»: Әнші Құрмаш Махан жеке өмірі жайлы

Балалармен байланысым үзілген жоқ. Олардың анасымен де байланысым үзілген жоқ.

«Балалардың жүрегіне дақ салмау үшін екіге бөліндік»: Әнші Құрмаш Махан жеке өмірі жайлы
aikyn.kz
9122

Әнші Құрмаш Махан «Алғашқы» бағдарламасында жеке өмірі туралы ашып айтты, деп хабарлайды turkystan.kz.

Ол бірінші әйелімен балалардың жүрегіне дақ түсірмеу үшін ажырасқанын айтады.

«Екеуіміз бір-бірімізден алыстап көрейік. Мүмкін, бір-біріміздің қадірімізді түсінерміз. Осы бізге сынақ болар. Бір дұрыс шешімге келуімізге себеп болар» деп айттым. 2010 жылы Мысырдан келген соң, сондай шешімге келдік. Айқай-шусыз, ұрыс-талассыз. Басты мақсаты – үйдегі тыныштық. Балалардың жүрегіне дақ салмау үшін, олардың көңілі үшін бөліну дұрыс деп шешім қабылдадық», – дейді әнші.

Десе де бірінші әйелімен арадағы байланыс үзілмегенін айтады.

«Балалармен байланысым үзілген жоқ. Олардың анасымен де байланысым үзілген жоқ. Екі жақта болғанымыз болмаса, сол уақыттан бастап қазіргі күнге дейін қарайласып келемін. Кейін мен 2,5 жылдай жүріп, тағы отбасын құрдым. Қазіргі жарым балаларыммен етене қарым-қатынаста. Менің балалаларым бір-бірін жақсы көреді, бір-бірімен араласып тұрады. Сөйлесіп тұрады», – дейді әнші.

Серіктес жаңалықтары