Елена Рыбакина Брисбен турнирінің финалына шықты

Қазақстандық теннисші қарсыласын 6:3, 6:2 есебімен ұтты.

Елена Рыбакина Брисбен турнирінің финалына шықты
Vesti.kz

Қазақстанның бірінші, әлемнің төртінші ракеткасы Елена Рыбакина Брисбен турнирінің (Аустралия) финалына шықты, деп хабарлады turkystan.kz Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

Елена Рыбакина жартылай финалдық матчын чехиялық теннисші, әлемнің 40-ракеткасы Линда Носковоға қарсы өткізді.

Матч 1 сағат 3 минутқа созылды. Қазақстандық теннисші қарсыласын 6:3, 6:2 есебімен ұтты.

Рыбакина матч кезінде 8 эйсті орындап, бір қос қателік жасады. Бес брейк-пойнттың үшеуін сәтті пайдаланды.

Ал оның қарсыласы бір эйс пен үш қос қателік жасап, төрт брейк-пойнттың ешбірін өз есебіне жаза алмады.

Енді Елена Рыбакина финалда Беларусь теннисшілері Арина Соболенко мен Виктория Азаренко арасындағы кездесудің жеңімпазымен кездеседі.