Президенттің сұхбаты елдің дамуы мен болашағындағы бетбұрысын айқындап берді – депутат

Депутат алдымызда биік мақсаттар тұрғанын айтты

Президенттің сұхбаты елдің дамуы мен болашағындағы бетбұрысын айқындап берді – депутат
aikyn.kz
1034

Мәжіліс депутаты Дәулет Тұрлыханов Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Egemen Qazaqstan» газетіне берген сұхбатына қатысты пікір білдірді.

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Egemen Qazaqstan» газетіне берген сұқбатында еліміздің дамуы мен болашағына бетбұрысын айқындап берді. Алдымызда биік мақсаттар тұр – бұл ел мүддесін қамтамасыз ету және қазақстандықтардың экономикалық әл-ауқатын арттыру. Қазіргі халықаралық аренада орын алған жағдай мен жаңа сын-қатерлер Қазақстанның сыртқы саясаты алдында өзекті міндеттерді талап етеді», – дейді Дәулет Тұрлыханов.

Оның айтуынша, Мемлекет басшысы өз сұхбатында барлық елдермен достық екіжақты қарым-қатынастарды нығайту, халықаралық алаңдарда ұлттық бастамаларды ілгерілету және шетелдік инвестицияларды тарту қарқынын арттыруды атап өтті.

«Бұл ретте, елімізде халықаралық деңгейде бірқатар іс-шаралар жүзеге асырылуы жоспарлануда. Атап айтсақ, жаһандық көшбасшылардың, сарапшылардың және бизнес-қауымдастық өкілдерінің қатысуымен өтетін Астана экономикалық форумы, әлемдік көшпенді мемлекеттерді біріктірген Дүниежүзілік көшпенділер ойындары, Орталық Азия мемлекеттерінің көшбасшыларын біріктіретін жоғары деңгейдегі консультациялық кездесулер мен іс-шаралардың рөлін атап өтті», – дейді ол.

Депутаттың айтуынша, Президент өз сөзінде еліміздегі экономикалық және саяси реформалардың барысына да назар аударды.

«Әлеуметтік саясаттың негізгі бағыттары­на денсаулық сақтау, білім беру, жұмыспен қамту және әлеуметтік қамсыздандыру маңыз­дылығына тоқталды. Бұл бағытта белсенді жұмыс істеуді жалғастыруға депутат ретінде бар күшімізді салатын боламыз», – дейді Д. Тұрлыханов.

Серіктес жаңалықтары