Лифтті қиратқан астаналық әйел қамауға алынды (ВИДЕО)

Видеодан оның лифтіге түкіріп, кабинаны жұдырығымен ұрып, тырнағанын көруге болады.

Лифтті қиратқан астаналық әйел қамауға алынды (ВИДЕО)
Polisia.kz

Астанада полиция лифтіде тәртіпсіздік жасаған 33 жастағы әйелді қамауға алды.

Алматы ауданының ПБ полицейлері Жирентаев көшесіндегі тұрғын үй кешенінің лифтісіне кіріп, оны қасақана бүлдірген күдіктінің кім екенін анықтады. Оның 33 жастағы астаналық әйел екені белгілі болды. Әйелдің тәртіпсіздік жасаған әрекеті бейнебақылау камерасына түсіп қалған. Видеодан оның лифтіге түкіріп, кабинаны жұдырығымен ұрып, тырнағанын көруге болады.

Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Бұл дерек негізінде Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 434-2-бабы 1-бөлігімен («Ортақ пайдаланылатын орындарды ластау») 5 АЕК (18 460 теңге) көлемінде айыппұл, 434-бабы 1-бөлігімен («Ұсақ бұзақылық») 20 АЕК (73 840 теңге) айыппұл немесе 15 тәулікке дейін қамауға алу бойынша әкімшілік іс қозғалды.

Аталмыш факт Астана қаласының Әкімшілік құқықбұзушылық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына шешім қабылдау үшін жіберілді.