Екі облыста республикалық маңызы бар жолдар жабылды

Бұл туралы Qazavtojol ҰК баспасөз қызметі мәлім етті.

Екі облыста республикалық маңызы бар жолдар жабылды
stan.kz

Жетісу және Қарағанды облыстарында республикалық маңызы бар автожолдардың 2 учаскесінде көлік қозғалысына шектеу енгізілді, деп хабарлады turkystan.kz.

Жетісу облысында – 1 учаске 1. «Үшарал-Достық» 84 – 184 км. Көктұма ст. - Достық ст. – 100 км. 

Қарағанды облысында – 1 учаске 1. «Екатеринбург – Алматы, Солтүстік – Шығыс айналма жолы» 0-16 км. Пришахтинск а.- Новостройка а. – 16 км

Құрметті республикалық маңызы бар автожолдарды пайдаланушылар! 3 қаңтар сағат 11.00-дегі ахуалға сәйкес, ауа райының қолайсыздығы салдарынан 2 облыста, яғни Жетісу және Қарағанды облыстарында республикалық маңызы бар автожолдардың 2 учаскесінде көлік қозғалысына шектеу енгізілді. Шектеу автокөліктің барлық түріне қолданылады. (қар, бұрқасын, шектеулі көрініс) Ағымдағы сағатта республикалық маңызы бар автожолдарды күтіп ұстауға 345 бірлік техника және 584 адам жұмылдырылды, - делінген хабарламада.