1041
Таразда өртеніп кеткен шырша қалпына келтірілді
Полицейлер өрт қойды деген күдікпен 56 жастағы қала тұрғынын ұстады
31 желтоқсан күні таңертең Тараздағы бас шырша өртеніп кеткенімен, тұрғындар Жаңа жылдың басты символынан құр қалмады. Өртенген шыршаның орнына жаңасы қойылды, деп хабарлады turkystan.kz Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.
Қалалықтар үшін қуанышты жаңалықты "В Таразе всегда солнечно" Telegram-арнасы жариялады.
"Қаламыздағы барлық қиыншылық мен қолайсыз ауа райы өртенген шыршамен бірге кетсін, ал жаңа шырша бақытты өмірдің символы болады", - делінген жазбада.
Еске салайық, 31 желтоқсанда Таразда шырша өртенген болатын. Полицейлер өрт қойды деген күдікпен 56 жастағы қала тұрғынын ұстады.