Таразда жаңа жылдық шыршаны өртеген күдікті ұсталды

Ол өз кінәсін мойындап, уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды

Таразда жаңа жылдық шыршаны өртеген күдікті ұсталды
Видеодан алынған кадр

31 желтоқсанда сағат 08:30-да бейнебақылау камераларына саябақтағы жаңа жылдық шыршаны белгісіз адамның өртеп жатқаны түсіп қалған, деп хабарлады turkystan.kz polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Полиция қызметкерлері 56 жастағы ер адамды ұстады. Ол өз кінәсін мойындап, уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. 

ҚР ҚК-нің 202-бабымен (Бөтеннің мүлкін қасақана жою немесе бүлдiру) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр.

Негізгі шыршаның "Көне Тараз" тарихи-мәдени кешенінің аумағында орналасқанын атап өту қажет.