Еліміздің 13 облысында дауылды ескерту жарияланды

31 желтоқсанға арналған ауа райы болжамы жарияланды

Еліміздің 13 облысында дауылды ескерту жарияланды
Ашық дереккөз

31 желтоқсанда 13 облыста дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлады turkystan.kz.

Ұлытау, Абай, Қарағанды, Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде бұрқасын, көктайғақ, Солтүстік Қазақстан облысында баяу бұрқасын күтіледі.

Маңғыстау, Қостанай, Атырау облыстарында тұман, Батыс Қазақстанда тұман, көктайғақ, Қызылорда облысының солтүстігінде тұман, облыс орталығында түнде солтүстікте көктайғақ күтіледі. 

2023 жылғы 30-31 желтоқсанда Алматы қаласының Үлкен және Кіші өзендерінің бассейндерінде жауын-шашынға және тұрақсыз қар жағдайына байланысты қар көшкіні жүруі мүмкін.