Динара Сәтжан отбасында қайғылы жағдай болғанын айтты

Ол қаралы хабарды Instagram желісі арқылы жеткізді.

Динара Сәтжан отбасында қайғылы жағдай болғанын айтты
ашық дереккөз
4384

Қазақстандық тележүргізуші Динара Сәтжан туысқан атасы өмірден өткенін айтты.

«Кеше таңертен менің туысқан атам Далабай Сәтжан өмірден өтті. Бәріміз оны Ахке деп атайтынбыз. Менің арғы атам Сәтжанның ең кенже ұлы. Біздің әулетіміздегі ең көңілді жан еді. Әркез қалжыңдап, күліп, ешқашан мойымайтын еді. Өмірден де дәл солай өтті.

 Ахке қара шаңырақ иесі болды. Жыл сайын 9 мамыр күні біз Байдалы би ауылында сол кісінің үйінде бас қосамыз. Туғандарымыздың зират басына барып, Құран бағыштаймыз. Ескі суреттерді қарап, балалық пен жастық шағымызды еске аламыз. Бірге өткізген уақыт барлығымызды біріктіріп, қуантады.

Жақының өмірден өткенде өмірдің өткінші екенін түсінесің. Бірақ бәрібір бұл қатал заңды қабылдағың келмейді. Әсіресе атам үшін қатты уайымдап отырмын. Туған інісінен айырылып қалды. Ахке мәңгі есімізде қалады» деп жазды тележүргізуші.

 

Серіктес жаңалықтары