«Жанұяның» жақсы істері көпке үлгі

Орталық ашылған сәттен бастап 762 от­­­­басына қолдау көрсетілді.

«Жанұяның» жақсы істері көпке үлгі
сурет: Елорда әкімдігінің баспасөз қызметі
750

Астана қаласы әкімдігінің «Жанұя» от­басы институтын қолдау орталығы  2019 жылы Арнаулы әлеуметтік қыз­мет­терге мұқтаж отбасыларға кешенді кеңес беру және халықтың әлеуметтік осал топтарына қатысты жағдайды тұрақ­тандыру мақсатында құрылған бо­латын. Орталық «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру шеңберінде халықтың сенім деңгейін арттыру және халықпен кері байланыс орнату жолында жұмыстың мөлдірлігі мен ашықтығын қамтамасыз етіп, біршама жұмыс атқарып келеді. Нәтижесінде, 2020 жылғы 21 мамырда «Жанұя» орталығы коммуналдық мем­лекеттік мекеме мәртебесін алды.

Орталық ашылғаннан бастап биылғы 1 жел­тоқсанға дейін 205 231 сұрақ бойынша 192 199 адам жүгінген. Жыл басынан бері 17 403 мыңнан астам адам өтініш білдіріп, 47 316 мың мәселе қаралған. Оның 25 486-ы – жұмыспен қамту, АӘК тағайындау, пси­хо­логиялық және заң көмегіне арналған. Аталған барлық мәселе оң шешімін тапқан. Қал­ған 21 830 мәселе бойынша жүйелі кеңес беру жұмыстары жүргізілген. Мәселен, Атаулы әлеуметтік көмек көрсету бойынша 18 089 мәселе, тұрғын үй мәселелері бойын­ша – 4 470, әлеуметтік қызметтер порталы бойын­ша – 18 071 елорда өңірінің азамат­тары және қалған мәселелер бойынша 6 686 өтініш қаралған. 
Орталық ашылған сәттен бастап 762 от­­­­басына қолдау көрсетілді.
– Көпшіліктен ажырасу, алимент өн­ді­ріп алу, әкелікті тану, мүгедек жандардың қа­ра­жатқа мұқтаждығы, жұмыс берушінің ай­лықты мүлдем төлемеуі, мүгедектікті алу, сон­дай-ақ сот органдарына және тиісті ор­ган­дарға жүгінуге арыз және де шағымдарды жазып беру бойынша сұраныстар көп түседі, – дейді «Жанұя» Отбасы институтын қол­дау орталығы директорының орын­басары Құралай Жанұзақова. 
Жыл басынан бері 303 отбасы тексеріл­се, оның ішінде ішінде 260 отбасы әлеумет­тік қолдауға қабылданған. Өмірлік қиын­дық­тарға тап болған жандар аталған ор­та­лықтың ұйымдастырған түрлі шараларында бас қосып, демеушілердің ұсынған сый-сияпаттарын қабыл алады. 
– Бұл отбасыларға тек қана әлеуметтік, құ­қықтық, психологиялық жағынан қолдау көрсетіп қана қоймай, сонымен қатар әр­дайым осын­дай әлеуметтік маңызы бар және мә­дени іс-шараларға шақыру арқылы бұл кі­сілерді осы қоғамға әлеуметтендіру жұ­мыс­тарымен де айналысамыз, – дейді «Жанұя» отбасы институтының Сарыарқа ауданы бойын­ша бөлім басшысы Айгүл Болатхан.  
Орталықта мемлекеттік органдардың бас­шылары мен орынбасарларының аза­мат­тарды қабылдауы апта сайын ұйым­дас­тырылады. Мысалы, 2023 жылдың 11 айын­да 173 тағайындау болып, 1 185 азамат қа­был­­­данған. 
Қала тұрғындары «Жанұя» орталы­ғы­ның қызметі туралы және Орталықтың рес­ми әлеуметтік желілерінде көрсетілетін қыз­меттер, оның ішінде мемлекеттік ме­ке­мелердің бірінші басшыларының азамат­тар­ды қабылдауы туралы жүйелі түрде ақ­па­раттандырылып отырады. Instagram же­лі­сіндегі «otbasy_astana» парақшасына 6 405 оқырман тіркелген. 

Серіктес жаңалықтары