Қай өңірдің мұғалімдері жоғары жалақы алады?

Білім беру саласындағы орташа айлық атаулы жалақы 247,4 мың теңгені құрады.

Қай өңірдің мұғалімдері жоғары жалақы алады?
ашық дереккөз
1200

2023 жылдың үшінші тоқсанында білім беру саласында 1,2 млн адам жұмыс істейді, бұл былтырғымен салыстырғанда 2,8% көп, деп хабарлады turkystan.kz ranking.kz сайтына сілтеме жасап хабарлады.

Білім беру саласында ең көп жұмыспен қамтылғандар халқы тығыз орналасқан Түркістан облысында болды: 146,7 мың адам, бір жылда 2,9% азайған.

Екінші және үшінші орындарды Алматы қаласы (112,6 мың адам, 16,8% көбейген) және Жамбыл облысы (83,8 мың адам, 3,5% көбейген) иеленді.

Секторда ең аз жұмыспен қамтылғандар Ұлытау, Абай және Солтүстік Қазақстан облыстарында тіркелген.

Биыл үшінші тоқсанда білім беру саласындағы орташа айлық атаулы жалақы 247,4 мың теңгені құрап, былтырғыдан 11% көбейді. Инфляцияны ескере отырып, жалақының сатып алу қабілеті 1,7% төмендеді.

«Өңірлер бойынша сала қызметкерлері елордада ең көп алған: 338,7 мың теңге — былтырғыдан 5,7% аз. Үздік үштікке сондай-ақ Алматы (279,1 мың теңге) мен Қостанай облысы (279 мың теңге) кірді», – делінген хабарламада.

Ең аз алған білім саласы қызметкерлері Маңғыстау облысында: 216,2 мың теңге.

«Саладағы ең жоғары жалақыны жоғары оқу орындарының қызметкерлері (333,4 мың теңге), ең азын мектепке дейінгі білім беру саласының қызметкерлері (156,3 мың теңге) алды», – делінген хабарламада.

Орта білім беру саласында жұмысшылар 269,7 мың теңге, білім беру саласындағы қосымша қызметте — 280,3 мың теңге, бастауыш білім беру саласында — 190,4 мың теңге, білімнің басқа түрлері бойынша жұмыскерлер орта есеппен 214,1 мың теңге алған.

Серіктес жаңалықтары