Қостанайда газ баллоны жарылып, бір адам зардап шекті

Өрт салдарынан сатушының көмекшісі 2003 жылғы азамат ауруханаға жеткізілді.

Қостанайда газ баллоны жарылып, бір адам зардап шекті
Sputnik

Қостанайда газ баллоны жарылып, бір адам зардап шекті, деп хабарлады turkystan.kz «Наш Қостанай» басылымына сілтеме жасап.

Төтенше оқиға 18.49-да Жұмысшылар көшесінде болған. Алдын ала болжам бойынша, 20 шаршы метр алаңда тандыр нан жасайтын сауда нүктесіндегі газ баллоны жарылған.

Өрт толықтай сөндірілді. Сауда орнынан 50 литрлік алты газ баллоны шығарылды.

Өрт салдарынан сатушының көмекшісі 2003 жылғы азамат ауруханаға жеткізілді. Оның денесінің 70-75 процентін күйік шалған.