Полиция қазақстандықтарға үндеу жасады
ІІМ соңғы уақытта вандализм, бұзақылық, бөтеннің мүлкін бұзу актілері жиілеп бара жатқанын айтты.
Полицейлер азаматтарды заң мен тәртіпті сақтауға шақырады, деп хабарлады turkystan.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
ІІМ соңғы уақытта вандализм, бұзақылық, бөтеннің мүлкін бұзу актілері жиілеп бара жатқанын және олар көшелерде және басқа да қоғамдық орындарда ерекше өрескел түрде жасалатынын айтты.
«Қоғамға деген құрметсіздікті білдіретін, бөтеннің мүлкін жоюмен немесе бүлдірумен не айрықша цинизммен ерекшеленетін ұятсыз әрекеттер жасаумен ұштасатын қоғамдық тәртіпті аса өрескел бұзу Қылмыстық кодекстің 293-бабы бойынша қылмыстық жауаптылыққа әкеп соғатын және 2 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға дейінгі жазаны көздейтінін еске саламын», - деді ҚР ІІМ ӘПК басқарма бастығының орынбасары Айдын Оразбаев.
Барлық осы фактілер бойынша ішкі істер органдарымен қылмыстық істерді тіркеу және сотқа дейінгі тергеуді жүргізумен дереу ден қою қамтамасыз етіледі.
«Биыл аталған бап бойынша шамамен 1,5 мың қылмыстық іс тіркелді. Кінәлі адамдар заңмен бекітілген жауапкершілікке тартылады. Сондай-ақ қылмыстық және әкімшілік заңнамамен бөтеннің мүлкін қасақана жою және бұзуғаны үшін жеке жауапкершілік қарастырылғанын ескертеміз. Нәтижесінде елеулі залал келтірілген бөтеннің мүлкі жойылған немесе бүлінген жағдайда (шығын соммасы айлық есептік көрсеткіштен екі жүз есе асатын болса) кінәлі адамдар Қылмыстық кодекстің 202-бабы бойынша қылмыстық жауаптылыққа тартылады, ол сондай-ақ 2 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға дейін жазаны көздейді», - деді полицей.
Егер көрсетілген әрекеттер қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгілері болмаған жағдайда кінәлі адамдар Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 147-1-бабы бойынша жауапкершілікке тартылады, ол бойынша 5-тен 15 тәулікке дейін мерзімге әкімшілік қамау түрінде жаза тағайындалады, қайталап бұзушылық жасаған кезде 30 тәулікке дейін әкімшілік қамау көзделген.
«Биыл осы бап бойынша 1700 астам әкімшілік іс қозғалды, 193 адам әртүрлі мерзімге әкімшілік қамауға тартылды. Сондықтан азаматтарды заңды және тәртіпті сақтауға шақырамыз, вандалимзнің, бұзақылықтың, бөтеннің мүлкін бұзудың барлық фактілері туралы ішкі істер органдарына дереу хабарлауды сұраймыз», – деп толықтырды Айдын Оразбаев.