Шығыс Қазақстан облысында бір күнде 4 үй өртенген

Өткен аптада 23 өрт оқиғасы тіркелген.

Шығыс Қазақстан облысында бір күнде 4 үй өртенген
Скриншот

Шығыс Қазақстан облысында бір күнде алты рет өрт болды. Жалын төрт үй мен екі көлікті шарпыған. Өңірде бірнеше күннен бері қатты аяз болғандықтан, пеш пен электр жабдықтары істен шықты, деп хабарлады turkystan.kz КТК арнасына сілтеме жасап.

Кейбір аймақтарда ауа райы -40 градуқа дейін жетеді, сондықтан құтқарушыларға көп жұмыс істеу керек.

Өткен аптада 23 өрт оқиғасы тіркелді. Салқынға шыдамаған тұрғындар электр жылытқыштарын пайдаланады. Соңғы үш тәулікте үйдегі пештің және электр жабдықтарының дұрыс жұмыс істемеуінен, бірнеше үй өртенді. Оған қоса екі көлік жанып кетті. Төтенше жағдайлар департаменті көлікті қыздыру үшін үрлейтін шамдарды қолдану қауіпті екенін тағы да еске салды.

«Тұрғындар өрт қауіпсіздігі мәселесіне қырағы болуы керек. Көліктерді қыздыру үшін ешқашан үрлегіштерді қолданбаңыз. Пештің қызып кетуіне жол бермес үшін пешті ұзақ уақыт емес, жиі қыздырған дұрыс. Сондай-ақ электр жабдықтарын пайдалану кезінде сақ болыңыздар», – деп мәлімдеді ШҚО төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз хатшысы Марина Лискова.