Теміртауда құбырлар қатып, тұрғындар ауыз сусыз отыр

Мәселе - қала әкімінің бақылауында.

Теміртауда құбырлар қатып, тұрғындар ауыз сусыз отыр
Lada.kz
733

Теміртау әкімдігі магистральдық су құбырының қатып қалуына байланысты су төмендетілген гидравликамен беріліп жатқанын айтты.

Кеше диаметрі 300 мм құрайтын магистральдың қатып қалғаны белгілі болды.

Қазір коммуналдық қызметтер ақауды жойып жатыр. 

«Су құбырының қатып қалуына байланысты қаланың шығыс бөлігіндегі алты квартал тұрғындарының үйіне гидравликасы төмендетілген су беріліп жатыр. Проблемалық аймақ анықталды (шамамен 20 м). Сумен жабдықтаудың штаттық режимін қалпына келтіруге 8 бригада мен 10 техника тартылды», — деп хабарлады «Оқжетпес-Т» ЖШС.

Мәселе - қала әкімінің бақылауында.

 

Серіктес жаңалықтары