Трансферттік баға белгілеуге бақылау күшейтіледі

Енгізілмек түзетулер заңнаманы жетілдіруге, сондай-ақ трансферттік баға белгілеуді, капиталды елден шығаруға бақылау шараларын күшейтуге бағытталған.

Трансферттік баға белгілеуге бақылау күшейтіледі
889

Мәжіліс депутаттары трансферттік баға белгілеу мәселелері бойынша түзетулерді бірінші оқылымда мақұлдады. Бұл туралы Мәжілістің баспасөз қызметі хабарлады.

Енгізілмек түзетулер заңнаманы жетілдіруге, сондай-ақ трансферттік баға белгілеуді, капиталды елден шығаруға бақылау шараларын күшейтуге бағытталған.

Ол үшін экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының BEPS 13 қадамы бойынша ұсынымдарына сәйкес үш деңгейлі есептілікке қойылатын талаптарды жетілдіру; тауар биржаларында жасалған мәмілелерге трансферттік баға белгілеу бойынша бақылауды қайтару; өзара байланысты тараптарды айқындауды кеңейту; интерквартильді диапазонды қолдану; нарықтық бағаны айқындау әдістерін қолдануды жетілдіру сияқты тетіктер ұсынылып отыр.

Заң жобасы халықаралық іскерлік операцияларға байланысты мәмілелер мен халықаралық іскерлік операцияларда мемлекеттің кірістер шығынын болдырмауға оң әсер етеді деп сендірді жауаптылар.

Серіктес жаңалықтары