Әнші Мархаба Сәби Жүгінісовтер отбасына ренішін білдірді (ВИДЕО)

Өнер иесінің айтуынша, өзгеге жазып берген әнін Мирас Жүгінісов рұқсатсыз орындап шыққан.

Әнші Мархаба Сәби Жүгінісовтер отбасына ренішін білдірді (ВИДЕО)
Фото: arasha.kz
1500

Әнші Мархаба Сәби әнін рұқсатсыз орындағаны үшін Жүгінісовтер отбасына ренішін білдірді, деп хабарлады turkystan.kz.

«Мирас Жүгінісовке, жалпы Жүгінісовтер отбасына қатысты ренішімді білдіргім келіп отыр. Осыған дейін үндемей келдім. Біраз миға қонбайтын нәрселер жасап жатыр. Сондықтан айтуға тура келіп тұр. Біз Мирас Жүгінісовпен, Мұрат Қабыловпен үшеуміз 2019 жылдары Мирастың шығармашылығын бастаған болатынбыз. ...Біраз, өте сәтті жұмыс істелді. Ол кезде мәтінді 70 мың теңгеге жазатынмын. Ақша үшін жасаған жоқпын, Мұраттың әндері ұнайтын. Белгілі кезге дейін жақсы жұмыс істедік. Әндері тарап, атақ келе бастаған соң Мирастан өзгеріс көрдім. ...Өзіме ұнамайтын мінезін көргеннен кейін осы жерден тоқтатайық, мен ары қарай мәтін жазбаймын деп шешетім. Бірақ осы дейін жазған дүниелерді алуға рұқсат бердім», - дейді әнші.

Өнер иесінің айтуынша, кейін өзгеге жазып берген әнін Мирас Жүгінісов орындап шыққан. Мұнымен қоса, автор тізімінде әншінің аты-жөні жазылмаған.

«Мұрат хабарласты, «Маған ән жазып бересің бе?» деп. ...Мұрат Қабыловтың өзіне ән жазып берген болатынмын. Бірақ неге екенін білмеймін, бұл әндерді Мирас айтып шықты, менің рұқсатымсыз, ескертусіз жариялады. Авторлары белгіленбеген, көрсетілмеді. Мирастың өзі жазып шығарған сияқты. ...Кеше «Қазақстан дауысына» Мирас Жүгінісовтің інісі «Уақыт» деген әнді орындап шықты. Композитор ретінде Мұрат Қабыловтың аты жазылған, ал сөзін жазғанға басқа адамды белгіп қойыпты. Бұл не нәрсе? Түсіне алмадым», - деді өнер иесі.

 

 

 

 

Серіктес жаңалықтары