1040
Қазақстандық теннисші Түркияда өткен турнирдің чемпионы атанды
Дмитрий Попкода барлығы 27 чемпиондық титул бар: жекелей сында - 21, жұптық сында - 6.
Қазақстандық теннисші Дмитрий Попко (504 ATP) Түркияның Анталия қаласында ITF M15 сериясы бойынша турнирінде жеңіске жетті. Бұл ойыншының биылғы маусымдағы екінші титулы болды, деп хабарлады turkystan.kz.
Финалдық кездесуде Дмитрий Попко Өзбекстан өкілі Сергей Фоминмен (728 ATP) кездесті. Попко бірінші сетте 6:4 есебімен жеңгенімен, екіншісінде жеңіліп қалды – 3:6. Шешуші үшінші ойында Дмитрий 6:2 есебімен жеңіске жетті.
Дмитрий Попкода барлығы 27 чемпиондық титул бар: жекелей сында - 21, жұптық сында - 6.