6 облыста дауылды ескерту жарияланды

Ауа райына болжам жасалды

6 облыста дауылды ескерту жарияланды
Ашық дереккөз

«Қазгидромет» РМК мәліметі бойынша, еліміздің 6 облысында дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлады turkystan.kz.

Атырау облысында шығыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с болады.

Өскемен, Риддер және Семей қалаларында күтілетін қолайсыз ауа райы жағдайына байланысты екінші дәрежелі жағдайдың төмендігі туралы ескерту сақталады.

Түркістан, Қостанай облыстарында тұман күтіледі.

Маңғыстау облысында кей жерлерде жауын-шашын, көктайғақ, бұрқасын болады деп болжанып отыр.

Жамбыл облысында қар жауып, тұман, бұрқасын күтіледі.