Президент жаңа Жарлыққа қол қоюына байланысты Х желісінде жазба жариялады

Дүниежүзілік адам құқықтары күніне орай «Адам құқықтары мен заң үстемдігі саласындағы іс-қимыл жоспары туралы» Жарлыққа қол қойды.

Президент жаңа Жарлыққа қол қоюына байланысты Х желісінде жазба жариялады
Фото: akorda.kz
1328

Мемлекет басшысы «Адам құқығы мен заң үстемдігі саласындағы іс-қимыл жоспары туралы» Жарлыққа қол қоюына байланысты Х парақшасында жазба жариялады, деп хабарлады turkystan.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Дүниежүзілік адам құқықтары күніне орай «Адам құқықтары мен заң үстемдігі саласындағы іс-қимыл жоспары туралы» Жарлыққа қол қойдым. Жоспарда гендерлік теңдікті күшейтуге, тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күреске, қылмыстық сот төрелігі саласында азаматтарды қорғауға, азаптау мен қатыгездіктің алдын алуға бағытталған бірқатар шара қамтылған. Бірлесу бостандығы құқығы мен еңбек құқығын, сондай-ақ мүмкіндігі шектеулі азаматтардың құқықтарын қамтамасыз ету жолдары қарастырылған. Құжат адам құқықтарын қорғаудың ұлттық жүйесін нығайтады. Жоспарды жүзеге асыру шеңберінде тиісті заңдар қабылданады», – деп жазды Президент Х парақшасында.

Серіктес жаңалықтары