977
Димаш Құдайберген әкесін жеке мерекесімен құттықтады
Бұл туралы әнші әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.
Қазақстанның Халық әртісі Димаш Құдайберген әкесі Қанат Айтпаевты туған күнімен құттықтады, деп хабарлады turkystan.kz.
«Бүгін @kanat_sveta_aitbayevtar ағатайымыздың туған күні. Менің өмірдегі, өнердегі жолымды айқындап берген ағатай, менің ғана емес, менің барлық достарымның, бірге жүрген бауырларымның ұстазы. Бақытты, баянды ұзақ өмір тілеймін, ағатай!» - деп жазды әнші әлеуметтік желідегі парақшасында.
Әншінің әлемнің түкпір-түкіпіріндегі фан-клубтары да Қанат Айтпаевты туған күнімен құттықтап, жылы лебізін білдірді.