Елордада екінші ауысымның оқушылары қашықтан оқуға ауыстырылды

«Қазгидромет» РМК деректері бойынша Астанада 5 желтоқсан күні боран, көктайғақ, екпіні 23 м/с дейін жел күшейеді деп болжанып отыр.

Елордада екінші ауысымның оқушылары қашықтан оқуға ауыстырылды
Астана қаласының әкімдігі

5 желтоқсаны күні ауа райының нашарлауына байланысты екінші ауысымның 0-9 сынып оқушылары қашықтан оқыту форматына ауыстырылды, деп хабарлады turkystan.kz қалалық Білім басқармасына сілтеме жасап.

«Қазгидромет» РМК деректері бойынша, Астанада 5 желтоқсан күні боран, көктайғақ, екпіні 23 м/с дейін жел күшейеді деп болжанып отыр.

Астана әкімдігі ауа райының қолайсыздығына байланысты қала тұрғындары мен қонақтарынан жазатайым оқиғаларға ұшырамас үшін көшеде жүргенде өте мұқият және сақ болуды сұрайды.

Қаланың коммуналдық қызметтері тәулік бойы күшейтілген режимде жұмыс істейді. Қала тұрғындарының қауіпсіз жүруі үшін жолдарға, тротуарлар мен көшелерге құм-тұз қоспасы себіледі.