1110
Бірнеше өңірде республикалық маңызы бар жолдар жабылды
Ақмола, Ақтөбе, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарындағы жолдарға автокөлік үшін қозғалыс шектелген.
Қолайсыз ауа райына байланысты 4-6 желтоқсанда республикамыздың бірқатар өңірлерінде дауылды ескерту жарияланды.
Сондай-ақ Ақмола, Ақтөбе, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарындағы республикалық автожолдардың 13 учаскесінде және облыстық маңызы бар 23 учаскеде жүк және қоғамдық автокөлік үшін қозғалыс жабық және шектелген.