Аяз, көктайғақ: Еліміздің 13 облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Астанада көктайғақ болады.

Аяз, көктайғақ: Еліміздің 13 облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Фото: Рexels.com
870

Еліміздің 13 облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлады turkystan.kz.

Қазгидромет синоптиктерінің болжамы бойынша, Астанада көктайғақ болады. Түнде жаяу бұрқасын жүреді, оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей тұста 23 м/с дейін жетеді.

Ақмола облысында көктайғақ болады. Облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында боран соғады, өңірдің батысында, оңтүстігінде тұман болады деп болжанады. Түнде облыстың басым бөлігінде оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с, облыстың солтүстігінде, шығысындағы екпіні 23-28 м/с, күндіз өңірдің солтүстігінде, шығысындағы екпіні 15-20 м/с құрайды. Көкшетауда көктайғақ болады, оңтүстік-батыстан түнде және таңертең соққан желдің екпіні - 15-20 м/с.

Қостанай облысында ауа температурасы күндіз 0, -5 градустан -10,-15 градусқа дейін күрт төмендейді деп күтіледі, ал облыстың батысында сынап бағаны -18 градусты көрсетеді.

Атырау облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде боран соғып, көктайғақ болады деп күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында тұман түседі. Күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні - 15-20 м/с. Атырауда түнде және таңертең тұман болады деп күтіледі. Солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні - 15-18 м/с.

Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде көктайғақ болады, жаяу бұрқасын жүреді деп күтіледі. Облыстың оңтүстігінде тұман түседі. Облыстың солтүстігінде оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Қарағандыда күндіз көктайғақ болады деп күтіледі.

Ақтөбе облысының солтүстігінде көктайғақ, облыс орталығында, оңтүстігінде тұман болады деп болжанады. Кешке қарай өңірдің батысында, орталығында жаяу бұрқасын жүреді. Облыс орталығында, батысында оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні 18 м/с құрайды. Сынап бағаны -2, +3 градустан -7,-12 градусқа дейін күрт төмендейді, облыстың батысында -15 градус суық болады деп болжанды.

Павлодар облысының батысында, шығысында, оңтүстігінде қар ұшқындап, көктайғақ болады. Облыстың батысында, шығысында, оңтүстігінде оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей тұста 25 м/с дейін жетеді. Павлодарда күндіз көктайғақ күтіледі. Жел оңтүстік-батыс күндіз екпіні 15-20 м/с.

Күндіз Батыс Қазақстан облысының оңтүстік бөлігінде қар ұшқындайды, түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында тұман болады деп болжанады. Күндіз облыстың оңтүстігінде, солтүстік-батысында соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Орал қаласында түнде және таңертең тұман болады.

Түнде және таңертең Жетісу облысының оңтүстігінде, таулы аймақтарында тұман болады деп күтіледі. Алакөл ауданында оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, түнде 25 м/с дейін жетеді.

Түнде және таңертең Маңғыстау облысының солтүстігінде, шығысында тұман болады деп күтіледі. Облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында күндіз оңтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Ақтауда күндіз оңтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні - 15-18 м/с.

Күндіз Абай облысының батысында, солтүстігінде, орталығында жаяу бұрқасын жүреді, көктайғақ болады деп күтіледі. Түнде облыстың шығысында, оңтүстігінде тұман болады. Облыстың орталығында, солтүстігінде, батысында оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей тұста 23-28 м/с дейін жетеді. Семейде оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с болады.

Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын жүреді, облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде тұман, көктайғақ болады деп болжанады. Облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен 15-20 м/с, кей тұста 23-28 м/с жылдамдықпен жел соғады. Өскеменде таңертең және түстен кейін қар ұшқындап, жаяу бұрқасын жүреді. Оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен соққан желдің екпіні - 15-20 м/с.

Түнде Қостанай облысының басым бөлігінде, күндіз облыстың орталығында, оңтүстік-шығысында көктайғақ, боран, тұман болады деп күтіледі. Өңірдің басым бөлігінде оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні - 15-20 м/с. Қостанайда түнде көктайғақ, боран болады деп күтіледі. Түнде оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с жетеді.

Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ, боран болады деп күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, батысында оңтүстік-батыстан, батыстан 15-20 м/с, кей тұста 23-28 м/с жылдамдықпен жел соғады. Петропавлда жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ, боран болады деп күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан соққан желдің екпіні – 15-20 м/с.

Серіктес жаңалықтары