Димаш Құдайберген Венгрияда концерт береді

Димаш Құдайберген тағы бір шетелде концерт бермек

Димаш Құдайберген Венгрияда концерт береді
dimashnews.com

Димаш Құдайберген 2024 жылы 4 мамыр күні Будапештте жеке концертін өткізеді. Бұл туралы әнші желідегі парақшасында хабарлады, деп жазады turkystan.kz.

«Менің Stranger концерттік турым жаңа 2024 жылы Еуропада басталатынын хабарлауға қуаныштымын. Дунай жағалауында әдемі Венгрия астанасы Будапешт қаласында сіздермен кездесуді асыға күтемін», - деп жазды Димаш Құдайберген Instagram парақшасында.

Әншінің концерті Будапешттің ең үлкен жабық алаңдарының бірі – Ласло Паппа атындағы спорт алаңында өтпек.